• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №122

345 рет
көрсетілді

2015 жылғы 11 наурыз, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы №122 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1594 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013ж., №90, 1097-құжат); 2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1595 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013., №90, 1098-құжат); 3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы №643 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №40-41, 388-құжат); 4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1594 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы №687 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №43, 405-құжат).